Беделді, абыройлы, өтімді, ықпалды, мейірлі, сыйымды, абиырлы, мерейлі, мәртебелі

lat: Bedeldi, abyroıly, ótimdi, yqpaldy, meıirli.syıymdy, abıyr- ly, mereıli, mártebeli.

Қадір-құрметке бөленген, беделге ие, абыройы бар.

Аудан жұртшылығына беделді Әшір бұл жолғы сөзін бір ғана мақтауға арнады («Алғы шептегілер»).

Айсұлулар да астықты төкпей- шашпай жинап алып, абыройлы болғысы келеді (Ә. Әбішев).

Оның сөзі қырдың қазағы түгіл, дуанның ұлығына да өтімді (I. Жансүгіров).

Өткір, өз ортасына ықпалды Лиза өз ұсынысын өткізді (С. Мұқанов).

Мерейлі еңбегімен көпті қуантып жүрген озат тракторшы бұл тұста жол тартып еді (Т. Қаупынбаев).

Жаңа түскен келіншектің ауыл үйге сыйымды болуы абысын-ажынға байланысты (Ә. Нұрпейісов).

Бай болам деп ойлама, Қойды сүйреп, жылқы ұрлап, Абиырлымын деп ойлама, әркімге тиіп бұрқылдап (I. Жансүгіров).

Ендігі бір айтарым, қайда жүрсеңдер де қайырымды, әрдайым мерейлі, бақытты болыңдар (К. Асанов).

Өлім болса алдымда, Мәртебелі ағалар, Тыңдармысыз арызымды, Демім бітер алдымда (М. Әуезов).